Референдум: дауыс беруде сырдариялықтар белсенділік танытуда

Дауыс беру ауданымыздың барлық сайлау учаскелерінде заң талаптарын қатаң сақтай отырып, ұйымдасқан және ашық өтуде. Дауыс беру барысында мерекелік шаралар жалғасын табуда. Бұл маңызды процеске барлық тұрғындар азаматтық белсенділік танытып жатыр.
Әрбір дауыс – дамуға үлес. Азаматтардың дауыс беруге белсене қатысуы еліміздің қай бағытқа бет бұратынын анықтауға септігін тигізеді.
Дауыс беру жалғасып жатқанын және әрбір азамат өз таңдау құқығын пайдалана алатынын еске саламыз. Біз қалған барлық сайлаушыларды осы маңызды процеске қатысуға шақырамыз.
Сіздердің дауыстарыңыз – еліміздің болашағына қосқан үлесіңіз. Өз таңдауыңызды білдіру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!