Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақ әжелер» ансамблі өз таңдауын жасады

«Ақ әжелер» ансамблі өз таңдауын жасады

Нағи Ілиясов ауылында да референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары азаматтық белсенділік танытты. Солардың қатарында Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері де белсенділік көрсетіп өз таңдауларын жасады.

Өнер мен өнегені қатар алып жүрген ансамбль мүшелері референдумға қатысу – әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті. Көпшілікке үлгі болып жүрген әжелеріміз жастарды да ел тағдырына бейжай қарамауға шақырып, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын айтты.

«Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері ауыл тұрғындарына ақ баталарын беріп, елдің болашағы жарқын болуына тілектестіктерін білдірді. Осындай игі бастамалар арқылы ауыл ақсақалдары мен әжелері өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымның маңызын насихаттауда.
15 наурыз 2026 ж. 52 0