Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалистері белгілі болды

Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалистері белгілі болды


Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Уругвай мен Франция құрамалары арасындағы матчта 0:2 есебімен еуропалықтар жеңіске жетті.

Ал Бразилия мен Бельгия матчы 1:2 есебімен аяқталды. Англя Швециядан 2:0 есебімен басым түссе, 1/4 финалдың соңғы ойыны Ресей мен Хорватия кездесуінде екі құрама негізгі ойында да, қосымша таймда да тең түсіп, пенальти нәтижесі бойынша Хорватия келесі кезеңге өтті.

Алғашқы жартылай финал матчы 10 шілдеде Санкт-Петербургте Франция мен Бельгия арасында өтеді. Екінші жартылай финал ойыны Хорватия мен Англия ұлттық құрамалары арасында 11 шілдеде Мәскеудегі «Лужники» аренасында өтеді.


08 шілде 2018 ж. 913 0