Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы әлем чемпионы белдігінен айырылып қалды
Ұлыбританияның Манчестер қаласында орта салмақ дәрежесі бойынша Дүниежүзілік бокс супер сериясының жартылай финалы өтті. Жартылай финалда британиялық боксшылар Крис Юбэнк-кіші (23-1, 18 КО) мен Джордж Гроувз (27-3, 20 КО) кездесті.
Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Жекпе-жек нәтижесінде төрағалардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Гроувз жеңіске жетті.
Осылайша, бұған дейін WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған боксшы IBO белбеуіне ие болды. СәйкесіншеКрис Юбэнк-кіші әлем чемпионы белбеуінен айырылып қалды.
Ендігі Джордж Гроувз екінші жартылай финал жеңімпазымен кездесетін болады.
Айта кетсек, 24 ақпанда өтетін екінші жартылай финалда Каллум Смит (23-0, 17 КО) пен Юрген Бремер (49-3, 35 КО) кездеседі.
Естеріңізге сала кетсек, британиялық боксшы Крис Юбэнк-кіші 2016 жылы Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтқан еді.