Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік саласына қайтарымсыз гранттар берілді

Кәсіпкерлік саласына қайтарымсыз гранттар берілді

Сырдария ауданы бойынша 2620 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2441.

2021 жылдың 1 қарашасына Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын 475 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 285,6 млн.теңгенің 69 жобасы несилендірілді. Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті техникаларды алу секілді жобаларды қамтиды.

Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында Стартап жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 237 адамға 138,3 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 76 кәсіпкерлік субъектісі 424,7 млн.теңге несие алып, жұмыстарын жасауда. Осы бағдарламаның қайтарымсыз грант беру тетігі бойынша 8 жобаға 23,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы аудандағы 22 шаруа қожалығы құны 1134,6 млн. теңгеге 53 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.

17 қараша 2021 ж. 407 0