Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Кәсіпкерлік саласында 327 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

Кәсіпкерлік саласында 327 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

Кәсіпкерлік саласында 327 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

Былтыр мемлекеттік және өңірлік бағдарлама аясында құны 5,9 млрд. теңгені құрайтын 327 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында ауданда 2693 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Оның ішінде, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2626 болып, тіркелген үлесі 97,5 пайызды құрады. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 138 млн. теңгенің 14 жобасы қаржыландырылды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша құны 1,7 млрд. теңгенің 47 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан субсидияланды. «Ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 139 адамға 205,3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 1,6 млрд. теңгенің 72 жобасы қолдау тапты. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы арқылы құны 1,5 млрд. теңгеге 25 ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдығы алынды.
31 қаңтар 2025 ж. 154 0