Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 124 жоба қолдау тапты

124 жоба қолдау тапты

Елімізде, соның ішінде Сыр өңірінде кәсіп­керлікті дамытуға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске асуда. Бағ­дарламалар кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздықты азайтуға бағытталған.

Былтыр елімізде бес жылға жасалған «Еңбек» мем­лекеттік бағ­дарламасы бойынша жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мерзімі аяқталғаны белгілі. Аталған бағ­дарламаның заңды жалғасы ретінде 2021-2025 жылдарға ар­нал­­ған ұлттық жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Ол үшін рес­­публикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен мил­лиардтаған қаржы қарастырыл­ған. Негізінен, Ұлттық жобаның алдында 10 міндет бар. Оның үшеуі тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатын көздейді. Яғни, жұмыссыз азаматтардың өз кәсібін ашуға, оны дамытуға жағдай жасап, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

Аудан бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына 2980 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 2853 болып, тіркелгендерден үлесі 95,7 пайызды құраған. Өткен жылы ауданда мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 3 млрд теңгені құрайтын 500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Оның ішінде құны 2,6 млрд теңгенің 198 жобасына несие ретінде берілсе, құны 375,1 млн теңгенің 302 жобасы қайтарымсыз грант қаражаты қаралған. Бұл дегеніміз – ауданда 302 адам өз кәсібін бастауға мүмкіндік алып, мемлкеттік қолдау көрді деген сөз.

– Мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасайтын болсақ, «Мик­ро­­бизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 172,9 млн теңгенің 25 жобасы кеңестің оң шешімін алып, қаржылан­дырылды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бо­йын­­­­ша құны 54,7 млн теңгенің 13 жобасы мақұлданды. «Ұлттық жоба» шең­берінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша құны 481,9 млн теңгенің 26 жобасы екінші деңгейлі банк­тер тарапынан субсидияланса, құны 193,2 млн теңгенің 23 жобасы ішінара кепілдендірілді. Осы бағдарламаның 5 млн теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант конкурсына ауданнан құны 271,6 млн теңгені құрайтын 67 жоба қатысып, Тереңөзек кентінен құны 7,9 млн теңгенің 2 жобасы жеңімпаз атанды. Олар «Макарон өнімдерін өндіру» жобасы – құны 4,9 млн теңге және «Құм блогын өндіру» жобасы – құны 3 млн теңге. Сонымен қатар жұмыспен қамту орталығы арқылы «Стартап» жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 1 225 200 теңгеден 300 адамға 367,2 млн теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. «Қаз­АгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 1246,5 млн теңгеге 37 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жаб­дықтары алынды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны 518,6 млн теңгенің 74 жобасы қаржыландырылды. Мемлекеттік қолдау қаржысын тиімді пай­да­­­­ланып, өз бизнесін дамы­тып отырған аудан кәсіпкерлері жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға өз үлестерін қосып келе­­ді. Нәтижесінде, ауданда кәсіпкерлер қата­­ры артуда. Мұның барлығы – кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға көрсе­тілген мемлекеттік қолдау, – дейді ау­дандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов.

Биыл жыл басынан бері қаңтар-наурызда ауданда 3232 шағын және орта кәсіп­керлік субъектілері тіркелген. Оның 3119-ы жұмыс жасап тұрғанын ескерсек, тіркелгендерге үлесі 96,5 пайызға жеткен. 2023 жылдың 3 айында құны 1006 млн теңгені құрайтын 124 жобаға қаржылай қолдау көрсетіліп, мемлекеттік және өңір­лік бағдарламалар игілігін кәсіпкерлер көруде. Іске асқан бағдар­ламалардың қатарында «Микробизнес-Қызылорда» бағ­дарла­масы бойынша құны 76 млн теңгенің 11 жобасы оң шешімін алып, қаржыландырылды. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының пайыздық мөлшерлемелерін субси­­дия­­лау ба­ғыты аясында құны 68 млн теңгенің 1 жобасы екінші деңгейлі банк тарапынан қаржыландырылды. Ішінара кепіл­дендіру бағыты бо­йынша құны 34 млн теңгенің 1 жобасы да бүгінде тиісті қаржысын алған.

Ал жұмыспен қамту орталығы арқылы 2021-2025 жылдарға ар­налған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беру мақсатында 1 380 000 теңгеден 36 адамға 49,7 млн теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілгені өз кәсібін бастаудың кепілі болғанын айту керек. Сонымен қатар «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Кең дала», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары бойынша 300,6 млн теңгенің 60 жобасы қаржыландырылыпты.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы аудан­дағы құны 452,7 млн теңгеге 13 ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтары алынып, шаруашылықтар техника паркін жаңа­­лауға мүмкіндік алды. Осылайша, аудан кәсіпкерлері ел экономикасын дамытуға өз үлес­­­терін қосуда.


Бибісара ЖАНӘЛІ

Фото: ашық дереккөзден
20 мамыр 2023 ж. 174 0