Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Балаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізілді

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізілді

Сырдария аудандық емханасының базасында медицина қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік іс-шарада ақ халатты абзал жандардың бүлдіршіндері шад-шадыман көңіл күйге бөленді.

Мерекелік іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, театрландырылған қойылым қойды. Ертегі кейіпкерлерін тамашалаған балалар ерекше қуанышқа кенелді.

– Медицина саласында қажырлы еңбегімен танылып, ұжым мерейін биіктетіп жүрген әріптестеріміздің балаларына арналған кештің өзіндік мәні бар. Жаңа жыл әрбір отбасыға жақсылығымен келіп, балаларымыз тек жарқын жетістіктерге жете берсін. Болашағынан зор үміт күттіретін балаларымыз аман болсын, – деді бас дәрігер Жанар Жұмабаева.
Өз кезегінде бас дәрігердің салалық орынбасарлары іс-шараның сапалы ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Жалпы алғанда, медицина қызметкерлері кәсіподақ ұйымы атынан бүлдіршіндерге Жаңа жылдық сыйлық үлестірілді.

01 қаңтар 2026 ж. 165 0