Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Балаларға шад-шадыман көңіл-күй сыйлады

Балаларға шад-шадыман көңіл-күй сыйлады

Сырдария аудандық аурханасының базасында бастауыш партия ұйымының мүшесі болып табылатын медицина саласы қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жылдық кеш өткізілді.

Жаңа жылдық іс-шараға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңыл Исақызы мен бас дәрігер, бастауыш партия ұйымының төрағасы Жалғасбек Үсенов қатысып, балғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Кеш барысында шоу бағдарлама ұйымдастырылып, Аяз ата мен Ақшақар балаларға шад-шадыман көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде медицина қызметкерлері думанды кешті ұйымдастырған аурухана әкімшілігіне, бастауыш партия ұйымына шынайы алғысын айтты. Сонымен қатар балаларға Жаңа жылдық сыйлық үлестірілді.

26 желтоқсан 2024 ж. 309 0