Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Балаларға арналған Жаңа жылдық кеш

Балаларға арналған Жаңа жылдық кеш

Айдарлы елді мекенінде ауыл әкімінің «Мың бірінші түнгі ертегі, жаңа жылдық сыр шертеді» тақырыбында балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өткізілді.

Аталған іс-шара барысында ауыл ауыл әкімі Нұрбол Жұмабеков сөз сөйлеп, балғын балақайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мекеме қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар ауыл әкімінің шыршасына демеушілік білдірген облыстық маслихат депутаты Бахдаулет Еркінбекұлы ағамыздың балаларға арналаған жаңа жылдық сыйлығы табысталды.

Ерекшелігі басым кеште ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп, балалар шад-шадыман көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде ортаға Аяз ата мен Ақша қар шақырылып, бүлдіршіндерге сыйлықтар үйлестірілді. Бұл ретте, ауылдың зиялы қауым өкілдері мен мекеме басшылары сөз алып, балалардың болашағынан зор үміт күтетіндіктерін жеткізді. Ертегілік қойылым мен ән, би жиналған көпшіліктің көңілінен шықты.
01 қаңтар 2024 ж. 305 0