Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жүйелі жұмыстар жалғасады

Жүйелі жұмыстар жалғасады

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 43-сессиясы өтті. Жиынға депутаттармен қатар аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде негізгі бес мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты сессия алдында өткізілген мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікеновтің, аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаевтың, аудандық қо­ғам­дық даму бөлімінің басшысы Б.Смайловтың баяндамалары тыңдалды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов және аудандық мәслихат аппаратының бас­шысы Г.Божан хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Сессияның күн тәртібінде сегізінші шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы Е.Әжікеновтің 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есебі, одан кейін 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы, ауданда жастар саясатын қолдау және жақсарту шаралары туралы, «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Сырдария аудандық мәслихатының 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелері қаралды.

Сессия барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасып, ауданымыз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда екенін атап өткен Берік Әбдіғаппарұлы 2025 жылы ауданда атқарылған жұмыстар жайлы және алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Биыл аймағымызда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, Сыр өңірі қарқынды даму үстінде. Ағымдағы жылдың 30 қазанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев облысымызға жұмыс сапарымен келіп, аймақтың дамуымен танысты. Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын көріп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен биыл ауданда ау­қымды жұмыстар атқарылуда. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім қалыптасты. Жыл басында аудан бюджеті 10 млрд теңгені құраса, бүгінгі таңда 13,2 млрд теңгеге жетті. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп орындары 93,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,6 пайызға артты. Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 25,7 млрд теңгені құрады. Аудан экономикасына негізгі капиталға 83,3 млрд теңге инвес­тиция тартылып, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілді. Есепті кезеңде 25,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі 22,8 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында 33 145 гектар жерге егін егілді. Негізгі дақыл – күріш 19 950 гектар алқапқа орналастырылып, әр гектардан орта есеппен 61 центнерден өнім алынды. Жалпы 121,7 мың тоннаға жуық күріш жиналып, өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі артты. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Сырдария ауданы «Егін шаруашылығы бойынша озат аудан» атанды. Мемлекет басшысының су үнемдеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес лазерлік жер тегістеу жұмыстары жүргізіліп, биыл 3500 гектар жер тегістеліп, 70 пайызға жеткізілді. Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 370 млн теңгенің 56 жобасы қаржыландырылып, қолдау көрсетілді, – деді аудан басшысы.

Сессия қорытындысында аудан әкімі алдағы кезеңде бірлесе отырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін одан әрі жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселе сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралып, жан-жақты талқыланып, күн тәртібінде қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

23 желтоқсан 2025 ж. 57 0