Республикалық «Көктем – 2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Бүгін ауданда республикалық «Көктем – 2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де «Дабыл-1001» және 9.00-де «Тасқын-2002» шартты белгілері түсті. Аталған шартты белгілер бойынша барлық азаматтық қорғау қызмет басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізуге дайындыққа келтірілді.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: 2023 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Сарменбаев көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың қатері және туындаған кездегі міндеттерді мақсаты бойынша орындауға және су тасқыны, су басу және су жайылуы жағдайындағы халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін арттыру мақсатында азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігіне саптық қарау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде әрбір құрылым өздеріне тиісті жұмыстарды шұғыл үйлестіруге дайын болу қажеттілігі айтылды.
Қабылданған алдын алу шаралар көктем кезеңінде тасқын судың салдарын барынша азайтуға және келтірілген залалды төмендетуге мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығуға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Р.Беркімбаев қатысты.