Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қыс - 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

«Қыс - 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

Қызылорда облысы әкімінің «Қыс-2022» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқаулығына сәйкес, аудан аумағында «Қыс-2022» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу таңғы 8.00-де «Дабыл-1001» шартты белгісі түсісімен құлақтандыру жүйесі арқылы азаматтық қорғау топтарының басшы құрамдарына «жалпы жиналу» хабарын жеткізуден басталды.

Оқу-жаттығу барысында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің әзірліктері пысықталды. Саптық қарау жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығудың практикалық бөлігінде Тереңөзек кенті, Аманкелді көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бу қазандығының жарылғандығы туралы шартты белгісі берілді. Тиісті азаматтық қорғау қызметтерінің күшімен орын алған төтенше оқиғаны жою бойынша шұғыл әрекет ету жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Тереңөзек кентіндегі Сырдария аграрлы-техникалық колледжіндегі эвакуациялық жинақтау пунктінің және С.Сейфуллин ауылдық округіндегі №137 орта мектепте орналасқан эвакуациялық қабылдау пунктінің жұмыстары тексерілді. Төтенше жағдай орын алғанда тұрғындар осында орналастырылып, қажетті заттармен қамтамасыз етілетін болады.


«Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңында барлық құрылымдардың өкілдеріне қыс мезігілі келе жатқандықтан, барлық құрал-жабдықтар мен техника тәуліктің кез келген уақытында әзір болу қажеттігі ескертілді.

25 қараша 2022 ж. 388 0