Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МҮШӘЙРА ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МҮШӘЙРА ӨТТІ


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында және Сырдария ауданының 90 жылдығына орай аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Туған жер – тұнған шежіре» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Мүшәйраға аудан аумағындағы елді мекендерден 10 талапкер қатысып, үш кезең бойынша өз бақтарын сынады. Талапкерлерге ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мүсілім Қалмұратұлы, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Балтабай Ордабеков бастаған қазылар алқасы баға берді.
Байқаудың қорытындысында Қалжан ахун ауылының атынан қатысқан Жұмаділ Самат бас жүлде иеленді. Жүлделі І-орын ақжармалық Темірханов Айтмағанбетке бұйырса, Жетікөл ауылынан келген Байболов Бекназар мен Н.Ілиясов ауылының атынан сынға түскен Әлшоразова Гүлбарам ІІ-орын еншіледі. Қоғалыкөл ауылынан қатысқан Есенбаев Байрон жүлделі ІІІ-орын тұғырынан көрінді. Сонымен бірге, айдарлылық Рахия Абдукәрімова арнайы жүлде алса, қалған талапкерлерге ынталандыру сыйлықтары берілді.
Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау салтанатында аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы ауданның 90 жылдық мерекесі аясында аталып өтілетін іс-шаралар ауқымды екенін және ауданның мерейтойы кеңкөлемде аталып өтілетінін айтты. Сондай-ақ, мүшәйрада жеңімпаз атанған талапкерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

28 ақпан 2018 ж. 2 512 0