Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы – ел байлығы! Санаққа қатыс, үлес қос!

Ауыл шаруашылығы – ел байлығы! Санаққа қатыс, үлес қос!

Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің 2023 жылғы 29 желтоқ­сандағы №1248 қау­лысымен бекі­тіл­ген «Ұлттық ауыл шаруа­шылығы санағын өткізу жөнін­дегі іс-шаралар жоспарын» басшы­лық­қа ала отырып, облыста ауыл шаруашылығы санағына байланыс­ты жұмыстар кезең-кезеңімен атқа­рылуда.

Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетіні жай­лы бұған дейін де хабарланды. Санақ онлайн және офлайн кезең­дерінен тұрады.

Санақтың онлайн кезеңі ағым­дағы жылдың 1-31 тамыз ара­лығында sanaq.gov.kz сайтында он­лайн-сауалнама салу арқылы өткізілді.

Биылғы жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлт­­­тық экономика министрі С.Жұманғарин­нің төрағалығымен өткен Ұлттық ауыл шар­уа­шылығы санағына да­йын­далу мен оны жүргізу мәсе­ле­лері жөніндегі арнайы комис­сия отырысында санақтың он­лайн-кезеңін 2025 жылдың 20 қыр­күйе­гіне дейін ұзарту жөнінде шешім қабыл­данды.

Қызылорда облысы бойынша статистика департаментінің тір­келіміне сәйкес, санаққа 11 мыңға жуық кәсіпорындар мен шаруа, фермер қожалықтары және жеке кәсіпкерлер қамтылуы тиіс.

Осы тұста, Сыр халқының онлайн режимінде санақтан өту бел­сенділігі байқалып, тамыз айын­дағы онлайн-санаққа 95,6% ауыл шаруашылық құрылымдары қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Айта кету керек, жалпы тізімге ұзақ уақыт бойы белсенділігі жоқ, бірақ тіркеуде тұрған кәсіпорын­дар мен қожалықтар да енгізілген. Сонымен қатар, байланыс дерек­тері өзекті емес субъектілер де бар. Бұдан бөлек, кейбір жұмыс бастылығына байланысты санақ­тан дер кезінде өте алмаған респон­денттер үшін қосымша берілген 20 күн олардың маңызды мемлекеттік нау­қаннан тыс қалмауына мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығы сала­сымен айналысатын барлық заңды тұлғалар, шаруа-фермер­ қожалық­тары мен үй шаруа­шылықтары sanaq.gov.kz сайты­на электронды цифрлық қол­таңба арқылы кіріп (ЭЦҚ), санақ парақтарында көрсе­тіл­ген сауал­дарға шынайы жауап берулері тиіс. Бұл әдіс өте ыңғайлы, сонымен қатар деректерді жинау­дың тиімділігі мен сапасын арттыру­ға мүмкіндік береді.

Респонденттер үшін санақтан онлайн түрде өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында об­лыс­та 2 кент, 142 ауылдық округ және 2 қала (Арал, Қазалы) әкімі ап­па­раттарында, 7 аудандық ста­ти­с­тика бөлімдерінің ғи­ма­рат­тарын­да интернет байла­нысы­мен қам­тамасыз етілген «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтары ұйым­дастырылған.

Қазақстан Республикасының «Мем­лекеттік статистика ту­ра­­лы­» заңы­ның 21-бабының 5-тарма­ғында Ұлттық санақтар жүр­гізу кезін­де респонденттер ал­ғашқы ста­тистикалық деректерді міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынатыны көрсетілген.

Ал офлайн түрінде ин­тервьюер­лермен (сұхбатшымен) үй шаруа­шылықтарын 20 қыр­күйектен – 20 қазан аралығында ара­лап, мәлі­мет­терді арнайы план­шетке түсіру әдісімен жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда, офлайн кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала есептеулерге сәйкес, облыс бойынша 80 мыңнан аса үй шаруашылықтары араланып, са­уал­­нама жүргізілетін болады.

Осы сәтті пайдалана отырып, азаматтарды санаққа саналы түрде қа­тысуға шақырамын. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – Қазақстан­ның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақ­ты дамытуға арналған страте­гиялық маңызы бар шара болып табылады.

Алынған деректер тиімді мем­лекеттік саясат пен барлық дең­гейдегі ауыл шаруашылығы өнді­ру­­шілерін қолдауға негіз бола­ды. Барлық қатысушы тарапты өздері­нің азаматтық ұстанымын танытып, санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.

Сонымен бірге біз үй шаруа­шы­лықтарын аралап, санақ жүр­гі­зу үшін облыста жұмыссыз жүр­ген азаматтар мен студенттер қата­рынан, сондай-ақ барлық ниет білдірген азамат санатынан 185-тен астам азаматты интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспар­лап отырмыз.

Интервьюер ретінде санаққа қатысқысы келетін азаматтар біздің 1446 байланыс орталығына немесе @statgovkz_bot Telegram-бо­тына өті­ніш қалдыра алады.

Санақ барысында жинақталған мәліметтер Қазақстан Респуб­ликасының «Мемлекеттік ста­тис­тика туралы» Заңы­ның 21-ба­бына сәйкес, Ұлттық санақтар бары­сында алынған мәліметтер бас­тапқы статистикалық деректерге жата­ды және міндетті түрде өтеусіз негіз­де ұсынылады делінген.

Сонымен бірге аталған заңның 8-бабы 1-тармағында «Алғашқы ста­тистикалық деректер құпия бо­лып табылады және осы бап­тың 4-тармағында көрсетілген мәлі­меттерді қоспағанда, оны мем­лекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мем­­лекеттік статистика органдары алғаш­қы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді» делінген.
Осыған орай, респонденттер та­­ра­пынан берілген ақпараттар Заңмен қорғалады және мемле­кеттік кіріс органдарына және т.б орган­дарға берілмейтінін атап өткім келеді.

Қайрат ӘБСҰЛТАНОВ,
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің басшысы

20 қыркүйек 2025 ж. 95 0