Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ауқымды санақ жүргізіледі

Елімізде ауқымды санақ жүргізіледі

Елімізде Ұлттық ауыл шаруа­шылығы санағы өткізіледі. Аталған санақ респуб­лика көлемінде 1 тамыз және 20 қазан аралығында жүзеге асады деп күтілуде. Ең алдымен, еліміздің 70 қаласында жеке қосалқы шаруашылықтарды алдын ала аралау жұмысы жасалады. Бұл жұмыстарға 1-30 маусым аралығында мамандар тартылмақ.

Шын мәнінде, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына да­йын­­дық осыдан 1,5 жыл бұрын басталған. Ауқымды жоба­ның мақ­сат-міндеті айқын­дал­ған. Жал­­­­пы алғанда ауыл шаруа­­шы­лы­­ғының нақты жай-күйі жөнінде толық ақпарат алуға мүм­­кіндік зор. Өндіріс тиімділігі мен өнімнің бәсекеге қабі­лет­­тілігін арттыруға бағыт­талған әлеуметтік-экономи­ка­лық саясатты әзірлеуге жағ­дай қарастырылған. Сонымен қатар шаруа­шылық жүр­гізуші субъек­тілердің жалпы санын жаңарту да көзделген.

«Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығын қамтиды. Онлайн және офлайн кезеңдерге бөлінеді. Алдымен 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. Заң­ды тұлғалар, фермерлер, үй шаруа­­шылықтары – барлығы пор­тал­дағы санақ парақтарын қашықтан өз бетінше толтыра алады», – деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Ауыл шаруашылығы сана­ғына заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бар және ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруа­­шылығымен ай­налысатын шаруа немесе фермерлік қожа­лықтар қатысады. Санақ жұмы­сын жүргізу барысына жұмыссыз жандар тартылмақ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабар­лауынша, 300 азамат еліміздің 70 қаласында өтетін санақ жұ­мы­сына интервьюер ретінде шақырылмақ. Жұмысқа тар­тыл­ған жандар үй аралап, азаматтардан сауалнама алады.

Бұған дейін елімізде ірі мас­штабтағы Ұлттық ауыл шаруа­шылығы санағы 2006 және 2021 жылдары өткізілген. Арнайы бюджеттен қомақты қаржы бөлі­ніп өткізілетін санақтың аг­рар­лық саланың өркендеуіне септігі зор.

«Тт» ақпарат
Фото: Ашық дереккөзден

27 мамыр 2025 ж. 235 0