Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы тамыз айында басталады

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы тамыз айында басталады

Аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайын саралау мақсатында елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл туралы ел Үкіметі «2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» қаулысын қабылдаған еді.

Осы орайда аудандық қоғам­дық даму бөлімінің мәжіліс залында Сырдария ауданының статистика басқармасының бас­­­шысы Сейілхан Төлегенов бас­пасөз брифингін өткізіп, баспа­сөз мамандары мен тұр­ғындарға түсіндірме жұмыс­тарын жүргізді.

– Ауыл шаруашылығы сана­ғы – бұл еліміздің аграрлық секторының құрылымы, ресурс­тары мен жай-күйі туралы өзекті әрі сенімді деректерді алуға мүмкіндік беретін ауқымды статистикалық байқау. Санақ деректері тиімді мемлекеттік саясат құру, ауылшаруашылығы өндірушілерін қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық мін­деттемелерді орындау үшін қажет. Санақ жүргізу және оның мерзімдері туралы шешімді Үкімет Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойын­­ша қабылдады. Оны өткізу мерзімі ауыл шаруа­шылығы жұмыстарының мау­сым­дылығын және ауыл шаруашылығы жы­­лы­­­ның қоры­тындылары бойын­­­­­ша өзекті деректерді алу қажеттігін ескере отырып таңдал­ған, – деді С.Төлегенов.

Осы орайда аталған санақ жұмыстары алдымыздағы тамыз айының 1-нен бастап 20 қазан аралығында өтетінін айта кету орынды. Санақ жұмыс­тары екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезең – онлайн-сауалнама 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Ол кезде тұрғындар санақ парақтарын өз бетінше толтыратын болады. Ал екінші кезеңде санақшылар үй-үйді аралап, сұрақ қою арқылы мәлі­меттерді толықтырады. Екін­­ші кезең 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жүргізіледі.

Санаққа дайындық жұм­ыс­­тары бір жарым жыл бұрын бас­талған еді. Санақ басталғанға дейін, яғни 1-30 маусым ара­лығында респонденттердің тізі­мін нақтылау үшін өңіріміздің 3 қаласында үй шаруа­шы­лық­тарын алдын ала аралау өтуде. Жоспарлы жұмыстарды ойдағыдай өткізу мақсатында Үкімет деңгейінде арнайы комиссия құрылған. Осы уақыт ішінде қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітіліп, жер­­гілікті атқарушы және ор­та­лық мемлекеттік органдар жұ­мыл­дырылды. Айта кетейік, өткен жылы пилоттық ауыл шаруа­шылығы санағы бірнеше ауыл­­дық округте өткізілді. Оның ішінде біздің ауданға қарасты А.Тоқ­мағамбетов ауы­лында да өтіп, ақпараттық жүйе мен әдіс­наманы, дала жұмыс­тарын жүргізудің ұйым­дастырушылық ерек­шелік­тері сыналған болатын.

Жалпы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының ха­лықаралық ұсыныстарына сәйкес, ауыл шаруашылығы сана­ғы әр 5-10 жыл сайын жүргізіліп отыруы тиіс. Десек те елімізде бұған дейін бұндай санақ жұмыстары 2006-2007 жылдары ғана жүргізілген. Ол кезде санақ екі кезеңде, өсімдік және мал шаруашылығы бойынша жүргізілді. Ал биыл бұл жұмыстар бір мезетте атқарылатын болады.

– Санақ өңіріміздің 7519-дан аса үй шаруашылығын және 2693-ке жуық ауыл шаруа­шылығы өндірушілерін қам­­туды жоспарлап отыр. Санақтан онлайн түрде өтуді ың­ғайлы ету үшін жергілікті әкім аппараттары мен аудандық статистика бөлімшелерінің ғима­раттарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйым­дас­тырылады. Сондай-ақ қа­уіп­­­­сіздікті басты талап ете отырып, біздің интервьюерлердің атри­буттар – бейсболка, жа­мыл­­ғы, ауылшаруашылық сана­­ғының символикасы бар портфель, планшет және QR коды бар куәлік екенін еске сала кетейік. Ұлттық статистика бюросы алынған дерек­тердің құпиялығына және оларды қатаң статистикалық мақсат­тарда пайдалануға кепіл­дік беретінін атап өткім келеді. Деректер салық немесе басқа мемлекеттік орган­дарға беріл­мейді, – деп атап өтті Сыр­дария ауда­нының ста­тистика басқар­ма­сының басшысы Сейілхан Төлегенов.

Айта кетейік, санақ бойын­ша кеңес алу үшін азаматтар «sanaq.gov.kz» сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмек­шісіне немесе 1446 байланыс орта­лығына жүгіне алады. Ал ұлттық ауыл­­шаруашылығы са­на­ғы аяқтал­ғаннан кейін 2025 жылғы желтоқсанда санақтың алдын ала нәтижелері жарияланса, соңғы жиынтық деректер мен ана­литикалық есептер Ұлттық статистика бюросының сайтында көпшілікке 2026 жылы ұсынылады.


Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: Ашық дереккөзден

17 маусым 2025 ж. 132 0