Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » 1 тамызда ұлттық ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі басталды

1 тамызда ұлттық ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі басталды

Ауылшаруашылығы санағы – бұл елдегі ауылшаруашылық саласының жағдайын, өндіріс көлемін, ресурстарын және құрылымын жан-жақты зерделейтін ауқымды статистикалық зерттеу. Бұл санақ ауыл шаруашылығына қатысты нақты ақпарат жинауға, мемлекетке тиімді аграрлық саясат жүргізуге, ауыл еңбеккерлерін қолдауға тағы сол секілді жағдаяттарды орындауға негіз болады. Негізгі санақ кезеңдері басталғанға дейін 2025 жылғы 1-30 маусым аралығында Арал, Қазалы, Байқоңыр қалаларында жеке қосалқы шаруашылықтарын алдын ала аралау жүргізілетін болады. Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығын қамтиды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов айтты.

– Санаққа дайындық жұмыстары 1,5 жыл бұрын басталған. Үкімет деңгейінде арнайы комиссия құрылды. Осы уақыт ішінде қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдар жұмылдырылды. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Латвия, АҚШ, Польша, Ресей, Өзбекстан, Ұлыбритания және Грузия сияқты елдердің статистика қызметтері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен консультациялық жұмыс кездесулер өткізді. Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығын қамтиды. Ішінде ол онлайн және офлайн кезеңдерге бөлінеді. Алдымен 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. Бұл әдіс өте ыңғайлы, сонымен қатар деректерді жинаудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Екінші кезең – интервьюерлердің үй шаруашылықтарын жеке - жеке аралауы, ол 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді. Неліктен араға 20 күн қалдырып отырмыз, себебі бізге сауалнаманы өз бетінше аяқтағандарды ескере отырып, үй шаруашылықтарының тізімдерін қалыптастыру үшін қосымша уақыт қажет. Барлық кезең аяқталғаннан кейін біз 2025 жылғы желтоқсанда санақтың алдын-ала нәтижелерін жариялаймыз, - деді Қайрат Байғабылұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

02 маусым 2025 ж. 207 0