Өндірістегі алғашқы қадам: болашақ маманның арманы
Ол вагон жөндеу депосында тәжірибеден өтіп жүріп, болашақ мамандығының қыр-сырын меңгергісі келеді. Дөңгелек жұптарын жөндеуге тікелей араласып жүрген жас маман еңбек процесінің әрбір сәтінен үйренуге тырысады. Ол үшін әрбір күн – жаңа тәжірибе, жаңа білім, жаңа мүмкіндік. Ұстаздарының қолдауы мен өндірістегі шебер мамандардың ақыл-кеңесі оның арманына жақындата түсуде.
- Біз үшін вагон жөндеу депосындағы тәжірибе - үлкен мектеп деп айтсам болады. Мұнда дөңгелек жұптарын жөндеу жұмысына тікелей араласу арқылы болашақ мамандығымыздың қыр-сырын тереңірек меңгерудеміз. Бұл саланың ел экономикасы үшін маңызы зор екенін түсіндік, өйткені теміржол - халықты, өндірісті, сауданы байланыстыратын маңызды жүйе. Ұжымдағы тәжірибелі мамандардан үйренеріміз көп. Олар бізге тек жұмыс тәсілдерін ғана емес, еңбек тәртібін, жауапкершілікті де үйретуде. Бұл - болашақта жақсы маман болуымызға жол ашатын қадам,-деді Андасбек Алмасбек.