Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін: студенттер вагон жөндеу депосында тәжірибе жинап жүр

Мұнда болашақ теміржол саласының мамандары - колледж студенттері тәжірибеден өтіп, дөңгелек жұптарын жөндеу ісіне тікелей араласып жүр.
Жастардың өндірістік ортадағы алғашқы қадамдары олардың кәсіби машығын шыңдап қана қоймай, еңбек мәдениетін қалыптастыруға жол ашады. Шеберханаларда еңбек етіп жүрген студенттер үшін бұл - теорияны практикамен ұштастырудың таптырмас мүмкіндігі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл шешім - кәсіби-техникалық білімге жаңа серпін беріп, еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ал аталған колледж бен вагон жөндеу депосының бірлескен жұмысы осы бастаманың нақты көрінісіндей.
Оқу ордасының өкілдері де студенттердің өндірістік тәжірибеге қатысуы - олардың болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.