Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттер күріш өңдеу алаңында тәжірибе жинады

Студенттер күріш өңдеу алаңында тәжірибе жинады

Баспасөз турының келесі бағыты - күріш өңдеу алаңы болды. Мұнда студенттер егіннен басталатын өнімнің өндіріске жеткенге дейінгі жолымен танысып, технологиялық тізбекті өз көзімен көрді.

Бұл тәжірибе болашақ мамандар үшін айрықша маңызды. Өйткені олар тек теориялық біліммен шектелмей, ауыл шаруашылығы мен өндірістің өзара байланысын түсінеді. Күрішті қабылдау, өңдеу, сұрыптау және қаптау жұмыстары студенттерге еңбек процесінің қыр-сырын меңгеруге көмектеседі.

Колледж бен кәсіпорын арасындағы келісім - жастарға мол мүмкіндік сыйлап отыр. Бір жағынан, студенттер өндірістік ортаға бейімделсе, екінші жағынан, кәсіпорын білікті жас мамандарды даярлауға үлес қосуда. Бұл – өңір экономикасы мен кәсіби білім беру жүйесі үшін ортақ тиімді қадам.

Ең бастысы мұндай тәжірибе жұмысшы маман даярлаудағы маңызын айқын көрсетіп отыр. Себебі еңбек нарығына қажет кәсіби шеберлігі жоғары жастар дәл осындай оқу мен өндірістің ұштасуынан шыңдалады. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бұл бастама білім мен еңбектің тоғысқан нақты үлгісі.

19 қыркүйек 2025 ж. 245 0