Студенттер toyota орталығында көлік жөндеуді үйренуде

Жастар заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, көлік диагностикасы, қосалқы бөлшектерді ауыстыру, қозғалтқыш пен электр жүйелерін тексеру сияқты нақты өндірістік процестерге қатысады. Бұл – олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік.
Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда көлік жөндеу саласы қарқынды дамып келеді, ал білікті кадрларға сұраныс жоғары. Осы тұрғыда студенттердің ірі автоорталықта машықтануы – олардың еңбек нарығына сенімді қадам жасауына жол ашады.
Колледж бен орталық арасындағы әріптестік – жұмысшы мамандарды даярлаудағы маңызды бастама. Өйткені мұндай тәжірибе арқылы студенттер тек теорияны меңгеріп қоймай, заманауи техниканың тетігін дәл білетін, кәсіби деңгейі жоғары маманға айналады.