Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А.Кемалов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Оспанов және комиссия мүшелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мекемелердің басшылары қатысты.

Комиссия отырысында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аймаханов Сабит Ерғалиұлының «Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы» баяндамасы мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Смайлов Бейбіт Есенгелдіұлының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2022 жылы және 2023 жылдың есепті мерзімінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы туралы» баяндамасы тыңдалды.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан биылғы жылы жалпы құны 2,4 млрд.теңгеге 11 жобаның құрылысы іске асырылатын болады. Оның ішінде, 2,1 млрд.теңгеге 8 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қалған 246 млн.теңгенің 3 жобасына облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бөлім тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2023 жылдың 5-айында 418 қызмет көрсетілген. Бөлім ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» орнатылған.

Ал аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы 2022 жылы жергілікті бюджеттен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Қаржысы 700,0 мың теңге. Жоба бойынша «Сырдария - Нұрдария» қоғамдық қоры жыл көлемінде профилактикалық шараларды жүргізген.
Жоба аясында 14 кездесу, 4 акция, 5 қоғамдық қабылдау, 1 байқау, 10 мақала, 100 әдестемелік нұсқаулық таратылды. 2000-ға жуық адам қамтылған.

Биылғы жылы, облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы әлеуметтік жобаның қаржысы қайта қаралып, аудандағы жалпы жобалардың қаржысының 5 пайызына дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда, жергілікті бюджеттен бұл бағыттағы жұмыстарға 3 млн.теңге қаржы қаралып отыр.

Жобаның техникалық ерекшелігіне ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысының №4 Үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобының іс-шаралары бойынша жасақталған.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы комиссия отырысының қорытындысымен бір қатар тапсырмалар берді.
23 маусым 2023 ж. 189 0