Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жоспарының орындалуы, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу, осы саланы субсидиялауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, облыстың спорт саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері, құрылыс мерзімі ұзаққа созылған объектілердің қазіргі жағдайы және проблемалық нысандардың санын қысқарту бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерімен күреске қатысты қосымша ұсыныстар айтылды.

Жиында облыс әкімі жауапты сала басшыларына ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуын қадағалауды және субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын тиімді игеруді тапсырды. Оған қоса, спорт саласына жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою, құрылыс мерзімі ұзарған және тапсырылуы кешіктірілген әлеуметтік нысандардың сапалы аяқталуын қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

31 наурыз 2024 ж. 166 0