Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде үш бірдей тәуелсіз кассациялық соттар өз жұмысын бастады

Елімізде үш бірдей тәуелсіз кассациялық соттар өз жұмысын бастады

Елімізде ағымдағы жылдың шілде айының бірінен бастап республикалық мәртебесі бар кассациялық соттар өз жұмысын бастады. Бұл сот жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі. Жаңашылдық әділдіктің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кассациялық сот үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды. Кассациялық сотта істердің қарау мерзімі 6 айдан аспайды.

Кассациялық сот сатысы – бұл бірінші және апелляциялық сатыларда қаралған істер бойынша шығарылған сот актілерінің заң талаптарына сәйкестігін тексеретін әрі бақылаушы функция атқаратын саты. Оның негізгі міндеті – сот шешімдеріндегі қателіктерді жою, құқықтық біркелкілікті қамтамасыз ету.

Бұл өзгерістер ең алдымен сот жүйесіндегі ашықтықты және құқық қолданудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Халықтың қалауына сай қолға алынған реформа сот жүйесіне ғана емес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.


Дархан Арыстанбекұлы Кузербаев,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
 
28 тамыз 2025 ж. 39 0