Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

✔️Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыруды көздейтін міндет жүктегенін айтты. Бұл үшін кешенді шара қабылдау, соның ішінде киберқауіпсіздік саласында да ауқымды жұмыс атқару қажет.

✔️Жиын барысында қазіргі заманғы киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістері, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

✔️Кеңесте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады.

✔️Президент киберқылмыспен, соның ішінде кибералаяқтықпен күрестің маңызына тоқталды. Сонымен қатар киберқылмыстарды тергеуге қатысатын мемлекеттік органдардың құзыретін арттыру шараларына баса назар аударды.

✔️Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жеке деректерін қорғауды және дербес мәліметтерді таратқаны үшін берілетін жазаны күшейтуді басты міндет ретінде атады. Сондай-ақ киберортадағы қауіпсіздік пен жауапты әрекет қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет.

✔️Отырыс соңында Мемлекет басшысы стратегиялық тәуекелдерді азайтып, киберқауіпсіздік мәселелерін жүйелі түрде шешу мақсатында бірқатар шара қабылдауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
15 қыркүйек 2025 ж. 334 0