Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Б. САҒЫНТАЕВ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Б. САҒЫНТАЕВ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ


Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпарат және коммуникациялар, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ білікті АТ-мамандарды даярлау тәсілдері қаралды.
Қазақстанда 80 000-ға жуық ұйым өз қызметінде интернетті пайдаланады. Алдын ала бағалау бойынша, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы еңбек нарығын түрлі деңгейдегі біліктілік пен мамандықтың шамамен 35 000 адамы қамтиды. Осыған байланысты ҚР БҒМ мен ҚАӨМ бірлесе отырып, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім гранттарының санын 2018 жылдан бастап 60-тан 500-ге дейін ұлғайтты.
primeminister.kz
28 маусым 2018 ж. 911 0