Жаңа Жасанды интеллект министрлігін кім басқарады?

Қазір бізде бір ғана министрлік бар, ол – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Жаңа министрлік соның негізінде құрылады. Сондықтан екі министр болмайды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі біріктірілген бір ведомство болады. Ал оны нақты кім басқарады – бұл менің құзыретіме кірмейді, – деп жауап берді вице-министр Сенатта өткен брифингте.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елімізде жаңа министрлік құрылатынын айтқан болатын.
Сондай-ақ, сарапшылар ықтимал кандидатураларды талқылай бастады.
Фото:BAQ.KZ