Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламенттің бір күні

Парламенттің бір күні

2025 жылғы 4 тамыздағы №АСК-230 қаулысымен Сырдария аудандық сайлау комиссиясы жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылып, осыған орай, «Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына» арналған іс-шара жоспарына сәйкес, №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебіне «peer-to-peer educarion» (тең-теңімен оқыту, өзара оқыту) форматында іс-шара өткізілу ұсынылды. Осы шара аясында мектеп оқушыларымен бірлесе отырып «Парламенттің бір күні» іс-шарасы өткізілді.

Жалпы «peer-to-peer educarion» (тең-теңімен оқыту, өзара оқыту) - бұл оқыту әдісі тең-теңімен оқыту немесе құрдастар арқылы білім беру. Онда білім алушылар бір-біріне ақпарат береді, тәжірибесін бөліседі және бірін-бірі үйретеді. Яғни, оқытушы немесе маман емес, сол деңгейдегі құрдастардың өзара қарым-қатынасы арқылы үйрену, жүзеге асыру болып табылады. Мектебімізде «Парламент» ұйымы жыл бойы үздіксіз жұмыс жасап келеді. Мектеп белсенділерінен құрылған ұйымда 10-11 сынып оқушылары қамтылған. «Парламент» ұйымы өздерінің жұмыстарымен таныстырып, қатарластарымен үздіксіз байланыста екендіктерін жеткізді.

10 қыркүйек 2025 ж. 533 0