Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ КУРСЫНАН ӨТТІ

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ КУРСЫНАН ӨТТІ


Қызылорда облысы Төтенше жағдай саласының 12 маманы 27 тамыз - 13 қыркүйек аралығында қаламыздағы Тілдерді оқыту орталығында арнайы курстан өткізілді.
Төтеншелік мамандар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағылшын тілін деңгейлік оқыту курсында болып, 13 қыркүйек күні курста оқығандығы туралы сертификат иеленді.
Курстың дәріс берушісі – Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Аяжан Әбдібекова.
Айта кетейік, Қызылорда облысы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық тас жолының 812 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтетін болғандықтан жол бойында шетел азаматтарына көмектесу қажеттігі туындайды. Күре жолдың бойында көмек сұраған шетелдіктер де болды.
Осы ретте төтенше жағдай саласы мамандарының шет тілді білуі құтқару жұмысын жеңілдететіні анық.

Қызылорда облысының ТЖД
23 қыркүйек 2018 ж. 1 201 0