Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштердің мөлшері мынадай болады:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Сонымен қатар 2026 жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдері 10%-ға өседі.

Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын жарна көлемі есептеу объектісінің 2%-ы мөлшерінде белгіленбек.


Фото: Н.Нұржаубай
01 қыркүйек 2025 ж. 548 0