Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңге, ал базалық зейнетақы 42 597 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа статистикасына сенсек, елімізде 2 миллион 405 мың зейнеткер бар. Зейнетақының орташа мөлшері – 131 872 теңге, соның ішінде ортақ зейнетақы – 89 275 теңге, ал базалық зейнетақы – 42 597 теңге болды.

Министрлік 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әрбір адамның зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, жеке есептелетінін еске салып отыр.

"Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ортақ жүйеде жұмыс істеген уақыты, міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады", – делінген министрлік хабарламасында.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жылдан асса немесе мүлдем аз, я жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болып, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады.

"Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді. Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айға тең", – деді министрлік.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады. Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты.

Еске салайық, бұған дейін 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы қанша мөлшерде өсетінін жазған едік. 2025 жылы ұлғайғаннан кейін зейнетақының ең төменгі мөлшері 95 131 теңге (базалық зейнетақыны қоса алғанда 32 360 теңге), ең жоғары мөлшері 213 046 теңге болды (оның ішінде 50 851 теңге базалық зейнетақыны қоса алғанда).

Фото: Stan.kz / Медет Исапанов
16 қыркүйек 2024 ж. 270 0