Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партия хатшысы Шолпан Каринова Н.Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Партия хатшысы Шолпан Каринова Н.Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

«AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановпен бірге Нағи Ілиясов ауылында болып, ауылдың дамуымен, тыныс-тіршілігімен танысты.

Партия хатшысын аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы күтіп алып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуымен таныстырды.

Сонымен қатар шаруашылық басшысы, аудандық мәслихат депутаты Дархан Ералиев пен ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетов ауылды абаттандыру, көркейту-көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді.

– Президент айтқандай, жаһандану дәуірінде халықты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтауымыз керек. Ауыл – біздің алтын бесігіміз, мәдениетіміздің, дәстүріміздің және рухани өміріміздің сарқылмас қайнары. Ауылға деген қамқорлық – әрқайсымыздың өткенге, бүгінге және болашаққа деген қамқорлығымыз. Мен Н.Ілиясов ауылының дамуын, азаматтардың атқарып жатқан еңбегін жоғары бағалаймын. Бұл – нағыз патриотизмнің көрінісі, – деді «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова.

Құрметті меймандар ауылдағы әлеуметтік нысандарды да аралап, мекеме қызметкерлерімен пікірлесті. Сондай-ақ ауылдың ғана емес, облыстың брендіне айналған күріш көрмесімен танысты.

01 қыркүйек 2025 ж. 425 0