Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдері Нағи Ілиясов ауылында болды

Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдері Нағи Ілиясов ауылында болды

Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерінің Қызылорда облысына іс-сапары барысында ауданымызға қарасты Нағи Ілиясов ауылына барды. Делегация өкілдері елді мекеннің бүгінгі жай-күйімен, «Еңбек даңқы аллеясымен», ауылдық мәдениет үйі және спорт кешені жұмысымен танысты.

«Kazakh Tourism» «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша туристер үшін ең үздік ауылдардың қатарында Нағи Ілиясов ауылы да бар. Бүгінде көркі жарасқан, тарихы терең ауылдың тыныс-тіршілігімен ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетов таныстырды.

Сапар барысында Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдері алдымен «Еңбек даңқы аллеясын» аралады. Елді мекенде соңғы жылдары жүргізілген құрылыс жұмыстары мен абаттандыру шаралары көрсетілді.

Делегация өкілдері ауылдық мәдениет үйі мен кітапханасын аралап, қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, қонақтар елді мекендегі спорт кешеніне табан тіреп, ондағы спорттық үйірмелер мен жас спортшылардың жетістіктерімен танысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 наурыз 2025 ж. 359 0