Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспасөз конференциясы өтті

Баспасөз конференциясы өтті

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы – Улжан Нурбаеваның қатысуымен "Мектептердің жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындығы" тақырыбында брифинг өтті. 

– Мектептердің жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындығына кезек берсек. Жалпы айтқанда мектеп ішінің және ауласының таза тұруы шарт. Сонымен қатар мектеп асханасында перспективалық маусымдық бір айға арналған ас мәзірі жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріліп,витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері енгізіледі. Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады. Білім беру объектілерінің қызметкерлері жұмысқа түсер алдын және жыл сайын бекітілген ереже бойынша кезекті дәрігерлік байқаудан өтулері және жұмысқа түсуге рұқсат алулары тиіс. 

Аталған талаптарды жаңа оқу жылына дайындық барысында және мектептерде жыл бойы қатаң ұстану және орындау қажет, – дейді сала маманы.
22 тамыз 2025 ж. 340 0