Баспасөз конференциясы өтті

– Биыл, «Жалын» сауықтыру лагеріне 6 ауысым ұйымдастырылып (110 баладан) 581 бала демалдыру жоспарланып отыр. Жазғы демалысты ұйымдастыру 4 бағытта жүргізіледі. Олар: мектеп жанындағы лагерлерде, «Жалын» лагерінде, облыс көлеміндегі және облыстан тыс лагерлерде дем алу және саяхаттар.
Сырдария аудандық білім бөліміне қарасты «Жалын» сауықтыру лагері 1988 жылдан бастап жұмыс істейді. Балаларға 10 жатын ғимарат бар, әрқайсысы 8-9 орынға есептелген, әр ғимаратта тәрбиешілер, оқушылар бөлмелері, қыздарға арналған жеке бас гигиенасын сақтау бөлмелері бар. Барлық ғимараттарда балалардың бой ерекшеліктеріне сәйкес керуеттер қойылып, матрац, жастық, жамылғы, төсек әбзелдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Әр керуеттердің жанында тумбалар және әр бөлмеде киім сақтау шкафтары бар.
Мерзімдік уақыт кезінде аудан мектептерінен бөлінген тәрбиешілер, дене шынықтыру маманы, педагог-психолог, музыка жетекшісі және тағы басқа қызметшілер қарастырылған. Аудандық ішкі істер бөлімінен бөлінген инспектор балалар тыныштығын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсе, аудандық емхана есебінен бөлінген медбике тәулік бойы қызмет жасайды, – деді сала маманы.
2025 жылдың 1 маусымынан бастап балаларды қабылдап жұмыс атқарады. Лагердің дайындығына басқарма мамандары тарапынан санитарлық тексеру жүргізіліп, 2025 жылғы маусымдық сәйкестігі жөнінде санитарлық- эпидемиологиялық қорытынды беріледі. Сонымен қатар спорттық алаң, үйірмелік ұяшықтар, волейбол, баскетбол алаңдары, дебат орталығы, жазғы концерттік-мәдени алаң және алау жағу орындары орналасқан, гигиеналық талаптарға сай келеді. Лагердің ауыз су жүйесі орталықтандырылған, кенттің су жүйесінен келтірілген. Кір жуу ғимаратына өндірістік кір жуу машинасы орналастырылған. Ыстық су беру үшін асханаға 1 «Аристон» қондырғысы орнатылып, жұмыс жасап тұр. Кәріз жүйесі жергілікті септикке жалғанған. Барлық ғимараттарға ішкі жарық үшін электр желілері тартылған, диоттық шамдар орнатылған, жұмыс істеп тұр. Сыртқы, аулалық жарықтандыру үшін көшелік жарықтандыру шамдары бар, жұмыс істейді. Желдету үшін барлық ғимараттардың пластик терезелерінде форточкалар бар, москиттік торлармен жабдықталған.