Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң бұзушылықтар

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң бұзушылықтар

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылдың 01 қаңтар – 15 тамыз айлары аралығына 10 028 лот сомасы 450 млрд 434 млнтеңге құрайтын мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылып, оның ішінде 518 лот сомасы 34 млрд 485 млн теңгеге сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.  

Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтар: 

- Тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы  мемлекеттік сатып алуға қатысушы барлық әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау; 

- Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілерден талап ету немесе Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасының талаптарын бұзу (лицензия қажет етілетін қызметтер мен жұмыстарға хабарландыру жариялау барысында тиісті рұқсатты, хабарламаны талап етпеу немесе заңсыз талап ету);

- Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау;

- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін дұрыс қолданбау, техникалық ерекшелікті бір тілде жасау, стандарттар көрсетпеу, қосымша келісімшарт жасау талаптарын орындамау, тағы да басқалар.

Тапсырыс берушілер тарапынан әкімшілік айыппұлға әкеліп соғатын заң бұзушылықтардың басым көпшілігі заңда көзделмеген негізбен тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу және мемлекеттік сатып алуда ақпараттар орналастыруда белгілі әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін нақтылайтын мәліметтерді, тауардың атауын, маркасын көрсету бойынша сатып алу болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарға жол берілсе және Департаментпен жолданған хабарламалар орындалмаса не тиісті түрде орындалмаса Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 207 және 462 баптарына сәйкес тиісті лауазымды тұлғаларға әкімішілік жауапкершілік қаралған.
Есепті кезеңде бөлім бойынша лауазымды тұлғағаларға 189 әкімшілік хаттама толтырылған. ((207/3 – 43 хаттама, 207/10 – 18 хаттама, 207/10-2 – 21 хаттама 207/11 – 100 хаттама, 207/13 – 1 хаттама, 462/3 – 6 хаттама)).

Өз кезегінде, Департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.


С.Ержанұлы, Қызылорда облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
камералдық бақылау бөлімінің басшысы
Фото: Н.Нұржаубай
21 тамыз 2025 ж. 52 0