Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қауіпсіздігі басты назарда: ауылдар маңына жарық шамдары орнатылуда

Жол қауіпсіздігі басты назарда: ауылдар маңына жарық шамдары орнатылуда

Қызылорда облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдарға берілген ұсыныстар негізінде, қазіргі таңда республикалық маңызы бар Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент автожолының бойында кешкі және түнгі мезгілде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарларын қағу деректерінің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда.

Атап айтқанда, III-Интернационал, Аққұм, Н.Ильясов және Наурыз елді-мекендерінің тұстарына жасанды жарық шамдары орнатылып жатыр. Бұл бастама ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, жол апаттарының санын азайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Полиция департаменті алдағы уақытта да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін мәлімдеді.




Қызылорда облыстық полиция департаменті

18 тамыз 2025 ж. 164 0