Зиянды заттар – адам өмірінің басты қаупі

– Департамент өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда. Департаментпен әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 80 сайттың жұмысы тоқтатылды. Департаменттің сыртқы қызмет саласымен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылды,- деді Серік Әбдімәуленұлы.
– Жол қауіпсіздігі бойынша жол көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтың 7 бағыты бойынша ағымдағы жылдың бір айында барлығы 15894 құқық бұзушылық деректері анықталды. Талдау нәтижесінде жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтамауы жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер етті. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ағымдағы жылдың қаңтар айының 14-16 аралығында «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды,- деді Ердәулет Баянбайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі