Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі. Әсіресе, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу - басты назарда. Осы мақсатта жыл басынан бері облыс көлемінде жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ағымдағы жылдың 11-13 тамыз күндері өткізілген «Балабақша» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің тәртібін арттыру болды. Іс-шара барысында балабақша басшыларымен кездесулер өткізіліп, көлік құралдарының техникалық жағдайына, жүргізушілердің құжаттарына бақылау күшейтілді. Нәтижесінде 305 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәрбиешілерге балаларды тек ересек адамдардан қабылдау және тапсыру мәселесін қатаң бақылауда ұстау ұсынылды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау - бәріміздің ортақ міндетіміз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар облыстық Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында болып, алдағы уақытта да жалғасын таба береді,-деді Рауан Қырымұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі