Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерке Есмахан “Жұлдызды жекпе-жек” жобасының жеңімпазы атанды

Ерке Есмахан “Жұлдызды жекпе-жек” жобасының жеңімпазы атанды


Халықтың ыстық ықыласына бөленген “Жұлдызды жекпе-жек” жобасының екінші маусымы өз мәресіне жетті. Елдің ерке әрі сүйікті әншісіне айналған Ерке Есмахан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

Ерке Есмахан ақтық кезеңде үш бірдей жігітпен сайысқа түсті. Ол Айқын, Бағлан Әбдірайымов, Жолдасбек Әбдіхановтармен бақ сынасып, ақыр соңында Испанияға жолдама ұтып алды.
Бұл орайда Ерке бұл жобаға о баста жеңіске жету үшін қатысқанын айтты.
“Мақсатыма жету үшін жан-жақты қабілетімді көрсету үшін барымды салдым. Халық әнінен бастап, той әндерін, өзімнің “xит” әндерімді, әріптестерімнің әндерін жаңа интерпретацияда орындадым. Жобадан үлкен шығармашылық ләззат алдым!” – деген Ерке өзіне қолдау көрсеткен барша жандарға алғыс білдірді.
Ерке Есмахан аталған жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасариповамен шығармашылық байланыста болғандықтан, кейбіреулер Еркенің сол арқылы жеңіске жеткенін айтқан. Бұл орайда әнші өзін кінәлағандарға жауап берді.
“Гүл әпше өмірде жанашырым, ал жұмыста ол тым қатал. Ол мен үшін Естайдың “Сандуғашын”, не болмаса Мұxиттың “Зәурешін” орындап, менің орныма “рэп” оқыған жоқ қой! Мегажобаның продюсері болса да, әділқазылардың жұмысында шаруасы жоқ. Гүл әпше, сыйластығымыз үзілмесін, Сізді жақсы көрем!
Ең бастысы мен үшін дауыс берген, жеңіс тілеген көрерменге, ерке қызын еркелетіп жүрген еліме алғысым шексіз! Баршаңызды құшақтап-құшақтап, сүйіп-сүйіп алдым! Мен бақыттымын! Бақытты күндеріміз көп болсын! Аллаға сансыз шүкір! Испанияда жатырм ғо уже”, – деп түйіндеді сөзін Ерке Есмахан.
Еркенің жобадағы бақталастары нағыз азаматтық танытып, оны жеңісімен құттықтады.
“Еркеша, құтты болсын! Керемет жекпе-жек болды, мен екінші орынға үйреніп қалғанмын”, – деді Айқын.
“Жолдасбегім ай, ай, ай! Қайтейін? Испанияны қойшы, Сарыағаш та бұйырмады ғой тым болмаса. Негізі, баршаңызға рахмет”, – деп қалжыңдаған Бағлан Әбдірайымов іле-шала Еркені жеңісімен құттықтады.
“Көмейіне бұлбұл құс ұя салған, елдің ерке қызы, xалықтың ыстық ықыласына бөлене білген қылықты қыздың бүгінгі жеңісі талантын тағы да дәлелдей түсті. Еркежан бүгінгі жеңісің құтты болсын! Қашан да елдің Еркесі деген атың өнер әлемінде шарықтай берсін!”, – деп ақ тілегін жолдады финалға шыққан Жолдасбек Әбдіханов.
24 маусым 2018 ж. 1 105 0