Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » “Қамбаш” көліне Франциядан келген саяхатшыларға қауіпсіздік ережесін сақтау түсіндірілді

“Қамбаш” көліне Франциядан келген саяхатшыларға қауіпсіздік ережесін сақтау түсіндірілді

Арал ауданындағы “Қамыстыбас” құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Франция мемлекетінен жеке автокөліктерімен демалуға келген шетелдік саяхатшыларға су айдынындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Түсіндіру жұмысы арнайы аудармашының көмегімен жүргізілді. Су айдынында шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, рұқсат етілген суға түсу аймақтарын білу, төтенше жағдай туындаған кездегі дұрыс әрекет тәртібі егжей-тегжейлі тарқатылды.

Құтқарушылар суда жүзе білуді, құтқару кеудешелерін киюді, арнайы белгіленген аумақтардан болуды айтты.

Мақсат – шетелдік қонақтардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Саяхатшылар өз тараптарынан құтқарушыларға мемлекеттік тілде ризашылығын білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД
Жедел құтқару жасағы

03 тамыз 2025 ж. 231 0