Құтқарушылардың дайындығы пысықталды
Қызылорда облысының құтқарушылары шомылу маусымында болуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алуға дайындалуда, деп хабарлайды 24.kz.
Қауіпті учаскелерге ескерту белгілері орнатылып, құтқару техникаларының сақадай сай болуы назарға алынған. Осы ретте Арал ауданындағы туристік нысандардың бірі - Қамбаш көлінде жоспарлы жаттығу өтіп жатыр.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Әдетте суда шомылу маусым айында басталады. Бірақ, мамыражай мамырда да “жабайы жағажайларда” яғни рұқсат етілмеген су жағалауларында демалушылар көбейетіні белгілі. Осыған орай Арал ауданындағы Қамбаш көлінде адамдарды судан құтқару әдістері пысықталып жатыр. Бұл аумақ туристер жиі аялдайтын нысандардың бірі. Балалардың жазғы тынығу лагері де осы маңда орналасқан. Мұнда жуырда жаңа құтқару станциясы іске қосылған болатын. Бұл көптен бері қажет болған нысан еді.
Әуелі техиникалар мен құрал-жабдықтардың жағдайы тексерілді. Сүңгуір жабдықтарының мінсіз болуы қашанда маңызды. Жаттығу барысында суға батып жатқан адамды құтқару жұмыстары пысықталуда. Көріп тұрғанымыздай қайықтан құлап кеткен балықшыға құтқарушылар шұғыл көмекке жетті. Оны судан алып шыққанмен, естүссіз күйде жатыр. Сондықтан зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Бұл дағдылар төтенше жағдай кезінде қызметкерлердің ұтымды әрі тиімді шешім қабылдауына және тұрғындардың өмірін сақтауға көмектеседі,-дейді мамандар. Мұндай оқыс оқиғаларда адам өмірін сақтап қалу үшін департаменттің судан құтқару қызметі базасында 5 катер, 19 қайық бар. Сонымен қатар, құтқарушылар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. Тыйым салынған жерлерде суға шомылу қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін үнемі ескертеді.
Айта кетейін, шомылу маусымы басталмай-ақ облыстың су айдындарында 3 адам қаза болған. Ал бүгінгі оқу-жаттығу судағы осындай қайғылы жағдайларды барынша азайтуға сеп болары анық.