Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қарызға жоламаудың амалы

Қарызға жоламаудың амалы

Кез келген адам қоғам өмірінде қаржылық қиындыққа тап болып жатады. Айлыққа дейін табысы жетпейтін көпшіліктің қарызы көбейіп, отбасында ұрыс-керіс туындайды. Бүгінде қаржылық сауаттылықты арттыратын кітап жазуға машықтанған жандар қатары көп. Жақында Еркін Әріпбайдың «Қаржылық еркіндікке 10 күндік жол» тақырыбындағы кітабы қолымызға түсті. Бұл кітап жалпы оқырман үшін арналып жазылған.

Еркін Әріпбай өзінің кітабында бірнеше жыл қаржылық қиындыққа тап болып, тығырықтан шығатын жол іздегенін алға тартады. Қар­жы­лық сауаттылық жолдарын қарастыра отырып, өзінің даму жолындағы негізгі элементтерді тіз­бектейді. Оқырманның, оның ішінде қаржылық қиындығы басым адамның кемшілігіне аса мән береді. Әрбір күнді адам сауатты жоспарлап, қымбат дүние сатып алу – байлықты шашудың ең жылдам жолы екеніне мысал келтіреді. Әркез қолындағы дүниеге қамқорлықпен қарауға, ұқыптылықпен пайдалануға кеңес береді.

Табысты есептей отырып, қар­жы­ны жұмсай білу – кез келген адамға көмекші құрал. Шығынның көлемін бағдарлап, қаржылық мақсатқа жету барысында қолда бардың бағасын білу – маңызды. Кіріс пен шығысты есептеп, қажеттілікті өтейтін дүние­лерге қаржыны бағыттаған дұрыс шешім. Әлем бойынша 80 пайыз халық өз шығындарының есебін біл­мейді. Күнделікті ақшасының қайда кетіп жатқанын бағдарламайды. Сон­­дықтан қолдағы бар қаражатты табыс­ты еселеу үшін қолдану керек.

Еркін Әріпбайдың «Қаржылық еркіндікке 10 күндік жол» кітабы көркемдік жағынан оқуға жеңіл. Бірқатар сараптамалық мәлімет келтіре отырып, оқырманды қар­жылық қиындықты жеңуге жетелейді. 2017 жылы қарызға белшесінен батқан Еркіннің 5 жылда табысты жанға айналғанын кітапты оқу арқылы аңғаруға болады.


Б.ҚАРАМАНТЕГІ
Фото: Ашық дереккөзден

22 шілде 2025 ж. 101 0