Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Табысты арттырудың тиімді жолы

Табысты арттырудың тиімді жолы

Нарық бүйірден қысқан уақытта қаржылық тәуелділіктің туындайтынын сезесіз. Кез келген адам өмір сүру дағдысын қалыптастыру үшін қаражатты көптеп тапқысы келетіні рас. Ойлаған мақсатқа жету жолында табысқа қол жеткізуге ұмтылыс – адам бойын­дағы ерекше қасиет болып табылады. Өз кезегінде оқырман қауымды қаржы еркіндігіне бағыттайтын, мол табыс табуға жетелейтін бірнеше ережені көпшілік назарына ұсынатын боламыз.

Сіз Икигай ережесі дегенді білесіз бе? Қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында ізденіп жүргендер бұл ережеден хабардар болуы мүмкін. Жалпы, «Икигай» сөзінің мағынасы өмір сүрудің мәні дегенді білдіреді екен. Негізгі ұғым өз құндылығыңды, бастар жолыңды, қандай маман иесі болатыныңды, мақсатыңды анықтауға көмектеседі деген ғалымдардың тұжырымы бар. Негізінен, «Икигай» ережесі 4 сатыдан тұрады. Олар жаның қалайтын іс, қолыңнан келетін іс, ақша әкелетін іс, қоғамға пайдалы іс ретінде бөлінеді. Адам өміріне тікелей әсер ететін ереженің бастапқы сатысында адам өзінің жақсы көретін ісінің тізімін жазып шыққаны жақсы. Тізімге түскен барлық жұмыстың ішінен қолынан келетін істі даралап алып шыққан жөн. Сонымен бірге ақша әкелуге мүдделі істі ерекшелеп алып, қоғамға пайда әкелетін шаруамен айналысу мүмкіндігі зор. Сонда ғана жоғарыда көрсетілген әрбір іс назардан тыс қалдырмай, табысқа жетуге болады.

Шын мәнінде, мол қаржы мен табысқа бір қадам жақындау үшін адам жалқаулықпен күрескені жақсы. Дәл осы күні жасау керек дүниені ертеңге қалдырмаған пайдалы. Үнемі ізденісте болатын жандар білімге деген құштарлығын жоғалтпайды. Расында, «Оқымай, білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келген жанмен тең» деген тағылымды сөз бар. Қаражат табудың бірден-бір жолы – тәуекел етуден қорықпау екені даусыз. Тынымсыз еңбек ете білетін адам уақыттың қадірін анық сезінеді.

Қаржы саясатын жоспарлау мақсатында құрылған сан түрлі әдіс-тәсіл бар. Мәселен, атақты бизнес тренер Бода Шофер «Қаржылық бостандыққа жетелейтін жол» атты кітабында біз қаузап отырған тақырып жөнінде ашық айтады. Қаламгер барлық дүниенің шешілуінің тетігі ақшаға келіп тірелетіндігін сөз етеді. Негізінен, ол ақшаның кездейсоқ пайда болмайтындығын алға тартады. Адам жаны қалаған іске энергиясын жұмсаған жағдайда табыс молынан түсетіні жасырын емес. Өзінің авторлық кітабында Бода Шофер 4 стратегияны нақтылап көрсеткен болатын. Біріншіден, тапқан табысыңыздың белгілі бір пайызын үнемдеп отырасыз, екіншіден, үнемделген ақшаны жинайсыз, үшіншіден табысыңызды арттырасыз, төртіншіден артқан табысыңыздың белгілі бір пайызын үнемдеуге жол ашасыз. Өз мақсаттарына 30 жасында жеткен қаламгер армандауды, құндылықтарды қалыптастыруды, мақсат қоя білуді, алдағы өмірін жоспарлауды жүзеге асыра білген. Болашақты ойлау арқылы келесі бір кезеңді қалыптастыру басты қағида саналады. Әрбір адам 10 жыл сайын өз өмірінің өткеніне көз жүгірткен дұрыс.

Ал бизнес саласында орасан зор ізін қалдыра білген Джордж Клейсон «Вавилоннан шыққан ең бай адам» тақырыбындағы кітабында Арқат есімді жігітті кейіпкер ретінде алып, байлыққа қол жеткізу ережесін көпшілікке түсіндіреді. Қарапайым кеңсе қызметкері ретінде еңбек етіп жүрген жігіт айлығы шайлығына жетпейтін көрінеді. Кейіннен, тапқан табысының оннан бір бөлігін жинай бастаған жігіт қаржыны басқарудың, табысқа жетудің құпиясын аша түседі. Зейнет жасқа жеткенде шалқып өмір сүре алатындай деңгейге жету маңыздылығын ашқан кітапта автор үнемі ақша жинау керектігін алға тартады. Шындығында, өз баспанасына қол жеткізіп үлгірмеген адам табысқа жетуге ұмтыла алмауы бек мүмкін екендігі дәлел ретінде келтіріледі.

Біздің тақырыбымызға арқау бол­ған қаржыны игеру мен табысты болудың негізгі амалы – кез келген адам ақшаны үнемдеп, артық қор жинау керектігін меңзейді. Негізінен, жи налған қаражаттың есебін шығару арқылы табысқа қол жеткізуге болады. Адам өмірінің маңызды бір бөлігі ұтымды жұмыс жасап, отбасылық қажеттілікті өтеуден тұрады. Дегенмен, тек қаржы табуды емес, отбасыға, рухани құндылыққа, демалысқа, денсаулыққа көңіл бөлген жөн екендігін ұмытпаған абзал. Барлық мәселені тен дәрежеде ұстағанда табысты атануға жол ашасыз.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
Фото: ашық дереккөзден
05 қыркүйек 2023 ж. 417 1

Jamel от 19 мамыр 2025 05:35
Hello! This is my first visit to your blog! We are a team of volunteers and starting a new project in a community in the same niche. Your blog provided us valuable information to work on. You have done a marvellous job! casino en ligne francais Fabulous, what a web site it is! This webpage provides valuable information to us, keep it up. casino en ligne fiable Your style is unique compared to other people I have read stuff from. Thanks for posting when you've got the opportunity, Guess I will just bookmark this web site. casino en ligne francais Have you ever considered writing an ebook or guest authoring on other websites? I have a blog centered on the same topics you discuss and would really like to have you share some stories/information. I know my visitors would enjoy your work. If you are even remotely interested, feel free to shoot me an e mail. casino en ligne Hey! I just wanted to ask if you ever have any problems with hackers? My last blog (wordpress) was hacked and I ended up losing several weeks of hard work due to no back up. Do you have any methods to stop hackers? casino en ligne I'd like to thank you for the efforts you have put in penning this site. I'm hoping to see the same high-grade blog posts by you in the future as well. In fact, your creative writing abilities has encouraged me to get my own blog now ;) casino en ligne fiable My partner and I stumbled over here different web page and thought I should check things out. I like what I see so now i am following you. Look forward to looking into your web page again. casino en ligne Hello, I enjoy reading through your post. I wanted to write a little comment to support you. casino en ligne Thanks for the marvelous posting! I definitely enjoyed reading it, you can be a great author. I will remember to bookmark your blog and will often come back in the foreseeable future. I want to encourage you to continue your great job, have a nice evening! casino en ligne Thank you for the good writeup. It in fact was a amusement account it. Look advanced to far added agreeable from you! By the way, how could we communicate? casino en ligne