Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Дәл осы мерзімде аудан көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушылар да, аңшылық та неғұрлым көбейе түседі. Өкінішке қарай кейбір адамдар аңшылықтың соңына түсемін деп қауіпсіздік ережесін мүлдем ұмытып жатады. Мұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.

Жақсы демалыс қапалы салдармен аяқталмау үшін мынадай қарапайым қауіпсіздік ережесін сақ­тау қажет.

Біріншіден, міндетті түрде туыс­тарыңызға жоспарыңыз және қай жерде болатыныңыз туралы ескертіп қойыңыз.

Екіншіден, балық аулайтын жер­ді қарап алыңыз, өзеннің жарлы жағасында және тәуліктің қараңғы мер­зімінде ерекше абай болыңыз. Өзіңізбен бірге дәрі қорабын, қол­шам және толық қуаты бар ұялы теле­фонды алуды ұмытпаңыз.

Ішімдік адамның шапшаңдығын, қауіп сезімін төмендететіні туралы ес­те сақтаңыз.

Жүзгіш құралдарда балық және аң аулаған кезде жазатайым оқиғаның болу мүмкіндігі бірнеше есе артады. Сондықтан қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару керек.

Қауіпсіз демалысты сізге тек жарамды, ақаусыз қайық қана қамтамасыз етеді. Жүкті қайық аударылып кетпейтіндей орналас­тырыңыз.

Қараңғы уақытта ерекше абай болған жөн. Көл, өзен жағасының бойымен жүрер кезде қолыңызда таяқша болған дұрыс. Ол сізге жолды зерттеу үшін қажет, сонымен бір­ге кез келген жағдайда құтқару жабдығының бірі болып қалар.
Қауіпсіздік шараларын ұмыт­паңыз, тек сонда ғана сіздің дема­лы­сыңыз ойдағыдай өтеді.

Ескертпе: орын алған төтенше жағдай туралы Сырдария ауданының өрт сөндіру бөлімінде 21-2-00, 101 және 112 нөмерлі телефонына хабарласу керек.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: Н.Нұржаубай

15 шілде 2025 ж. 186 0