Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайық

Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайық

Күз – әуесқой балықшылар үшін өте тамаша мезгіл.

Дәл осы мерзімде аудан көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушылар да, аңшылық та неғұрлым көбейе түседі. Өкінішке орай, кейбір адамдар аңшылықтың соңына түсемін деп қауіпсіздік ережелерін мүлдем ұмытып жатады. Мұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.

Жақсы демалыс оқыс оқиғамен аяқталмауы үшін мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

Біріншіден, міндетті түрде туыстарыңызға жос­парыңыз және қай жерде болатыныңыз туралы ескер­тіп қойыңыз.

Екіншіден, балық аулайтын жерді қарап алыңыз, өзеннің жарлы жағасында және тәуліктің қараңғы мерзімінде ерекше абай болыңыз. Өзіңізбен бірге дәрі қорабын, қол шам және толық қуаты бар ұялы телефонды алуды ұмытпаңыз.

Ішімдік адамның шапшаңдығын, қауіп сезімін төмендететіні туралы есте сақтаңыз.

Жүзгіш құралдарда балық және аң аулаған кезде жазатайым оқиғаның болу мүмкіндігі бірнеше рет артады. Сондықтан қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Қауіпсіз демалысты Сізге тек жарамды, ақаусыз қайық қана қамтамасыз етеді. Жүкті қайық аударылып кетпейтіндей орналастырыңыз.

Қараңғы уақытта ерекше абай болуы қажет. Көл, өзен жағасының бойымен жүрер кезде қолыңызда таяқша болған дұрыс. Ол Сізге жолды зерттеу үшін қажет, сонымен бірге кез келген жағдайда құтқару жабдығының бірі болып қалар.

Қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз, тек сонда ғана Сіздің демалысыңыз ойдағыдай өтеді.

Ескертпе: орын алған төтенше жағдай туралы Сырдария ауданының өрт сөндіру бөлімінде 21-2-00, 101 және 112 нөмерлі телефонына хабарласу керек.


Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ашық дереккөзден
09 қараша 2024 ж. 72 0