Шағын көлемді кемелермен балық аулау және аңшылық кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы
Балық аулау және аңшылық белсенді демалыстың керемет түрі болып табылады, алайда қауіпсіздік ережесін сақтамаса, ол қауіпті болуы мүмкін.
Балық аулау және шағын көлемді кемелермен аңшылық кезінде қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажет.
Қайыққа отыруда сақ болу керек, қайықтың ортасынан басып, орындыққа бірқалыпты отыру қажет. Қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға көшуге, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға, шомылуға және қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықтағы тұлғалар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеті, белбеуше, кеудеше) киіп алулары тиіс.
Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырып, бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту шарасы қолданылады немесе бір айлық есептіккөрсеткіш көлемінде айыппұл (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 583-бабы) салынады. Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Шағын көлемді кемелермен аңшылыққа шыққан кезде және балық аулау кезінде сақтауға тиісті қарапайым ережелер:
1)Өзімен бірге дәрі-дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс;
2)Балық аулар алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек;
3)Спирттік ішімдік және есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынады;
4)Қайықтың жарамдылығын, оның құтқару жилетімен және шеңбермен, белбеумен жабдықталуын тексеру қажет;
5)Қайықта шелектің немесе суды құйып алатын кез келген ыдыстың болуы қажет;6)Балық аулау жабдықтары мен аң аулайтын құрал-саймандарды қайықтың бортына жағалай, заттарды(киім, сөмке, чемодан) қайықтың тұмсығына, артқы жағына және орындық астына орналастыру қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» «112» номері бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.
Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: egemen.kz