Қауіпсіздік ережесін сақтау қажет
Күз – әуесқой балықшылар үшін өте тамаша мезгіл. Дәл осы мерзімде аудан көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушылар да, аңшылық та неғұрлым көбейе түседі. Өкінішке орай, кейбір адамдар аңшылықтың соңына түсемін деп қауіпсіздік ережелерін мүлдем ұмытып жатады. Мұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.
Жақсы демалыстың арты өкінішті аяқталмау үшін мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Біріншіден, міндетті түрде туыстарыңызға жоспарыңыз және қай жерде болатыныңыз туралы ескертіп қойыңыз. Екіншіден, балық аулайтын жерді қарап алыңыз, өзеннің жарлы жағасында және тәуліктің қараңғы мерзімінде ерекше абай болыңыз. Өзіңізбен бірге дәрі қорабын, қол шам және толық қуаты бар ұялы телефонды алуды ұмытпаңыз.
Ішімдік адамның шапшаңдығын, қауіп сезімін төмендететіні туралы есте сақтаңыз.
Жүзгіш құралдарда балық және аң аулаған кезде жазатайым оқиғаның болу мүмкіндігі бірнеше рет артады. Сондықтан қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
Қауіпсіз демалысты Сізге тек жарамды, ақаусыз қайық қана қамтамасыз етеді. Жүкті қайық аударылып кетпейтіндей орналастырыңыз.
Қараңғы уақытта ерекше абай болуы қажет. Көл, өзен жағасының бойымен жүрер кезде қолыңызда таяқша болған дұрыс. Ол Сізге жолды зерттеу үшін қажет, сонымен бірге кез келген жағдайда құтқару жабдығының бірі болады. Қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз, тек сонда ғана Сіздің демалысыңыз ойдағыдай өтеді.
Ескертпе: Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікір 43