Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

01 сәуір 2023 ж.

№ 25 газет

28 наурыз 2023 ж.

№ 24 газет

25 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық

Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық

Күз – әуесқой балықшылар үшін өте тамаша мезгіл. Дәл осы мерзімде аудан көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушылар да, аңшылық та неғұрлым көбейе тү­седі. Өкінішке қарай, кейбір адамдар аңшылықтың соңына тү­семін деп қауіпсіздік ережелерін мүлдем ұмытып жатады. Мұның соңы қайғылы жағ­дайларға әкеп соғуы мүмкін.

Жақсы демалыс қапалы салда­рымен аяқталмау үшін мынадай қа­рапайым қа­уіпсіздік ережелерін сақ­тау қажет.

Біріншіден, міндетті түрде туыс­та­рыңызға жоспарыңыз және қай жерде бо­латыныңыз туралы ескертіп қойыңыз.

Екіншіден, балық аулайтын жер­ді қа­рап алыңыз, өзеннің жарлы жаға­сында және тәуліктің қараңғы мерзімінде ерекше абай болыңыз. Өзіңізбен бірге дәрі қо­рабын, қол шам және толық қуаты бар ұялы телефонды алуды ұмытпаңыз.

Ішімдік адамның шапшаңдығын, қа­уіп сезімін төмендететіні туралы есте сақтаңыз. Жүзгіш құ­ралдарда ба­лық және аң аулаған кезде жазатайым оқиғаның болу мүмкіндігі бірнеше рет артады. Сондықтан қауіпсіздік ша­раларына ерекше назар аудару қажет.

Қауіпсіз демалысты Сізге тек жарамды, ақаусыз қайық қана қам­тамасыз етеді. Жүкті қайық аударылып кет­пей­тіндей орналастырыңыз.

Қараңғы уақытта ерекше абай болуы қажет. Көл, өзен жағасының бо­йымен жүрер кезде қолыңызда таяқ­ша болған дұрыс. Ол Сізге жолды зерттеу үшін қажет, сонымен бір­ге кез келген жағдайда құтқару жаб­дығының бірі болып қалуы мүмкін.

Балық аулауға, аңшылыққа шық­қанда қауіпсіздік шараларын ұмыт­паңыз, тек сонда ғана Сіздің дема­лысыңыз ойдағыдай өтеді.

Ескертпе: Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
13 қыркүйек 2022 ж. 243 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам